Таразда ірі көлемде есірткі тасымалдаған адам ұсталды
pxhere.com
Күдікті өз кінәсін мойындап отыр.
Тараз қаласының автовокзалы маңынан есірткі тасымалдаушы ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz Жамбыл облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
- "Көкнар-2019" жедел-алдын алу іс-шараларын жүргізу барысында Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Тараз қаласындағы автовокзал маңында 39 жастағы Павлодар қаласының тұрғынын ұстады. "Бава" атты қызметтік-іздестіру итін қолдана отырып, тінту жүргізу барысында оның сөмкесінен жалпы салмағы 21 келі 400 грамм "кептірілген марихуана" есірткі заты табылып, тәркіленді. Күдікті өз кінәсін мойындап, Тараз қалалық Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды, - делінген ведомствоның баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript