Жаңалықтар тізбегі
0

Ауылдасын атып өлтірген Сарыағаш тұрғыны ұсталды

ҚазАқпарат, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.04.2018 18:49 ҚазАқпарат
Қазіргі уақытта күдікті кінәсін мойындап, жауап берді.

Оңтүстік Қазақстан облысында ауылдасын атып өлтірген Сарыағаш қаласының тұрғыны ұсталды. Бұл туралы ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД криминалдық полиция қызметкерлеріне 9 сәуір күні Сарыағаш қаласында кісі өлтірген күдіктіні ұстауға бір тәулік қана уақыт жеткілікті болды. Қазіргі уақытта күдікті кінәсін мойындап, жауап берді», - деді департамент басшысы.

Айта кетейік, кеше Оңтүстік Қазақстан облысында көрші ауылдың азаматын атып тастаған Сарыағаш қаласының тұрғынына іздеу жарияланғанын хабарлаған болатынбыз.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: