Жаңалықтар тізбегі
0

"Қалаулымда" табысқан орыс жігіті мен қазақ қызы тойға дайындалып жүр 

nur.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.02.2018 21:17 nur.kz
Алексейдің отбасы қазақ келінге мүлде қарсы емес екен, тіпті анасы Динарамен танысуға өзі ниет білдірді.

Көпшіліктің қызу талқысына түсетін "Қалаулым" бағдарламасында ерекше жұп пайда болды. Орыс жігіті Алексей мен Динара есімді қазақ қызы шаңырақ көтеруге бел байлап отыр. Бұл туралы Еуразия бірінші телеарнасында шығатын "Қалаулым" бағдарламасының кезекті шағарылымына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Динара бағдарламаға қатысушы ретінде, ал Алексей үміткер ретінде осы жылдың басында көңіл жарастырды.

Алексейдің екі жарым жасар ұлы бар, ажырасқан. Дегенмен, екеуі бір-бірін бес жылға жуық таниды, бірге жұмыс істейді, осы уақыт аралығында жай ғана достар ретінде араласқан. Динара Алексейдің өткен өмірі туралы жақсы білген және оған ешқандай қарсылығы жоқ.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.02.2018 21:17

Алексей «Динара маған келісім берсе, қазақ тілін үйренемін», - деп уәде берді.


Алексейдің отбасы қазақ келінге мүлде қарсы емес екен, тіпті анасы Динарамен танысуға өзі ниет білдірді. Ал Динараның анасының келісімін Алексей тікелей эфир барысында алған болатын.

«Ана ретінде қарсы емеспін, бәлкім бұл қызымның бақыты шығар, мен оған қарсы бола алмаймын», - деді эфирге тікелей хабарласқан анасы.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.02.2018 21:17

Жұп болып жүре бастаған кезде Динара Алексейге жасының келіп қалғанын, бала тууға асығатынын, сонымен қатар үйленуді тездету туралы да айтып өткен.

Алексей «әзірге көреміз», - деп жауап бергенімен, үйіне жөндеу жұмыстарын жасап, тойға дайындық жүргізіп жатқан көрінеді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.02.2018 21:17

Жұпқа қатысты бағдарламаға қонаққа келген «Жігіттер» тобының әншісі Ердос «Мұсылман қызды өзге дін өкіліне тұрмысқа беруге болмайды. Ол шариғатта тыйым салынған», - деп пікір білдірген болатын.

Динараның ойынша, адамды дінге, ұлтқа бөлудің қажеті жоқ. Олардың өзара келісімдері бойынша некені екі діннің де салты бойынша емес, заңды түрде ғана қияды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: