Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев мақтаған Қостанайдың беткеұстар қызы жұмыс таппай жүр

видеодан алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.08.2019 18:16 видеодан алынды
Көпбалалы отбасынан шыққан Таняның айтуына қарағанда, ата-анасы Марина мен Виктор Ситниковтер отбасындағы алты баланы да қазақ мектебіне берген екен.

"Абай оқулары" байқауларының жеңімпазы, ұлы ақынның 225 өлеңінен басқа қара сөздерін де, "Ескендір" поэмасын да, сондай-ақ, Шәкәрім шайырдың 80 өлеңін де мүдірмей жатқа айтатын, сенатор кезінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі мақтап, грамота ұсынған қостанайлық Татьяна Ситникова бүгіндері өз мамандығы бойынша жұмыс таппай, қара жұмысқа жегілген, деп хабарлайды Zakon.kz Sn.kz-ға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастап берген Абай Құнанбайұлының өлеңін оқу эстафетасы Қостанай қаласының әкімі Қайрат Ахметовке де бұйырған еді. Әрине, ол өз эстафасын өңірдегі мақтаулы қыз - Татьяна Ситниковаға жолдаған болатын. Алайда осындай қысылтаяң кезде Татьянаны еске алатын әкім оның жеке басындағы мәселеге бас ауыртып көрмепті. Қостанай ауданының Алтын дала ауылындағы қазақ орта мектебін бітіріп, Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы Қостанай педагогикалық университетін тарих пәні бойынша тәмамдаған Таня бүгіндері осы қалада құрбыларымен пәтер жалдап, өз мамандығы бойынша жұмыс таппаған соң McDonald’s-та инструктор болып жұмыс істеп жүр екен.

Көпбалалы отбасынан шыққан Таняның айтуына қарағанда, ата-анасы Марина мен Виктор Ситниковтер отбасындағы алты баланы да қазақ мектебіне берген екен.

– Мен көп балалы отбасында өстім. Әкем Виктор мен анам Марина біз үшін барлық жағдайды жасады. Біздің білім алуымызға, еңбекқор болып қалыптасуымызға айрықша көңіл бөлді. Сондай қамқорлықтың арқасында отбасындағы алты бала ештеңеден кемдік көрген жоқпыз. Отбасында тек материалдық жағдай ғана емес, рухани жағына да айрықша назар аударылды. Таратып айтар болсам, өзім шаңырақтағы төртінші перзентпін. Өзімнен үлкен екі әпкем, бір ағам және екі інім бар, – дейді Таня.

Оған Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі Сенат спикері кезінде мемлекеттік тіл жанашыры ретінде арнайы алғысын білдіріп, хат жолдаған.

"Татьяна бала күнінен журналист болуды армандапты. Диктор болып, жаңалықтар жүргізсем ғой деп те қиялдаған. Осылайша, бірде бағын сынап көрмекке "Қостанай" телеарнасына барған. Бір айдай тәжірибе жинақтапты. Алайда, жұмысқа қабылданбай қалған. Дипломы сәйкес келмегенге ұқсайды. Бірақ жігерлі қыз арманы көкке ұшса да, еш мойымай, құрбыларымен қаладан пәтер жалдап, McDonald’s-та инструктор болып жұмыс істеп жүр екен", - дейді қызбен сұқбаттасқан басылымның тілшісі.

– Мамандығым бойынша жұмыс іздеп көріп едім, таба алмадым. Қостанай ауданының бірнеше ауылының мектептеріне түйіндемемді тапсырып едім, еш жауап жоқ. Күнкөру керек болған соң, амал жоқ, осы мекемеде жұмыс істеп жатырмын. Бұл жұмысым ұнағанмен, мамандығым бойынша істеуім керек қой, – дейді Абайды пір тұтатын сары қыз.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.08.2019 18:16

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: