Шымкентте алты баланы өрттен құтқарған әйел мен әкесімен пәтер жалдап тұратын қыз үйлі болды
Сурет: Шымкент әкімдігінің баспасөз қызметі
Бүгін Наурыз қарсаңында Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбеков Мемлекет басшысына хат жазған Софияға және алты баланы өрттен құтқарған Марина Ғафароваға пәтер кілттерін табыс етті.
Жаңа жыл қарсаңында "Тілектер шыршасы" дәстүрлі акциясында София Үркімбаева Президенттің атына хат жазған болатын. Жалдамалы пәтерде әкесімен бірге тұратын кішкентай қыздың тілегі орындалып, үш бөлмелі пәтерге ие болды.
Сонымен қатар Ғабит Әбдімәжитұлы төрт бөлмелі пәтердің кілтін Марина Ғафароваға табыстады.
Естеріңізге салайық, былтыр 16 желтоқсанына қараған түні тұрғын үйлердің бірінде өрт шыққан болатын. Қызыл жалынды байқаған әйел отқа оранған үйдің терезесін сындырып кәмелетке толмаған балаларды сыртқа шығарды.
Осыған дейін қала әкімі көпбалалы ананың ерлігіне алғысын білдіріп, төрт бөлмелі пәтердің кілтін табыстауға уәде берген болатын.
Кілтті тапсыру рәсімінде София өзінің қуанышын жасырмай, өлең оқыды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript


