Жаңалықтар тізбегі
0

Алты баланы өрттен аман алып қалған шымкенттік әйелге пәтер беріледі

Шымкент, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.12.2023 18:47 Сурет: Шымкент әкімдігінің баспасөз қызметі
Бүгін Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбеков алты баланы жантүршігерлік өлімнен аман алып қалған Марина Ғафарованың үйінде болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Маринаның батыл әрекетінің арқасында өрттен кейін кәмелетке толмаған алты бала тірі қалды, оның ерлігіне барша шымкенттік тәнті болды.

Қала әкімі әйелге ерлігі үшін алғыс айтты.

Ол төрт баланың анасы, қазір біраз қиындықты бастан кешіріп жатқан Марина Ғафароваға қолдау көрсетуге уәде берді.

Жақын арада шымкенттік әйелге жаңадан бой көтерген баспаналардың бірінен 4 бөлмелі пәтердің кілті табыс етіледі. Бұл бастаманы демеушілер қолдаған.

Еске салайық, оқиға 16 желтоқсанға қараған түні болған. Марина көрші үйде өрт шығып жатқанын байқап, өз өміріне қауіп төніп тұрса да, көмекке ұмтылған. Ол терезені сындырып, балаларды қою түтіннің арасынан алып шықты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: