Жаңалықтар тізбегі
0

Шымкентте Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне пәтер берілді

Шымкентте ардагерлерге пәтер кілттері берілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.05.2024 13:12 Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
9 мамыр Жеңіс күнінде Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне пәтер кілттерін табыстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ұлы Отан соғысының ардагерлері Мұратәлі Төлепбергенұлы мен Нина Мосуноваға Мемлекет басшысының арнайы жолдаған Алғысын жеткізді.

"Біз 9 мамырда бейбіт өмір мен тыныштықты қорғау жолында құрбан болып, майдан даласынан қайтпай қалған батырларымыздың рухына тағзым етеміз. Соғыс және тыл ардагерлеріне шексіз ризашылық білдіріп, айрықша құрмет көрсетеміз", - делінген Президент құттықтауында.
"Біз 9 мамырда бейбіт өмір мен тыныштықты қорғау жолында құрбан болып, майдан даласынан қайтпай қалған батырларымыздың рухына тағзым етеміз. Соғыс және тыл ардагерлеріне шексіз ризашылық білдіріп, айрықша құрмет көрсетеміз", - делінген Президент құттықтауында., сурет - Zakon.kz жаңалық 09.05.2024 13:12

Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

100 жастағы майдангер әжей Нина Егоровна Мосунова соғыс кезінде радист болған.

Ал екінші майдангер Брест қамалы, Варшава, Данск, Виссмарк қалалары үшін шайқасқан- Мұраталы Төлепберген ақсақал. Ол қан майдан шебінде жан аямай, ерлік көрсеткені үшін "Ұлы Отан соғысы", "Германияны жеңгені үшін", "Варшаваны азат еткені үшін" ордендерімен марапатталған.

"Біз 9 мамырда бейбіт өмір мен тыныштықты қорғау жолында құрбан болып, майдан даласынан қайтпай қалған батырларымыздың рухына тағзым етеміз. Соғыс және тыл ардагерлеріне шексіз ризашылық білдіріп, айрықша құрмет көрсетеміз", - делінген Президент құттықтауында., сурет - Zakon.kz жаңалық 09.05.2024 13:12

Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Әкім бүгін жеңіс күнін жақындатқан екі ардагерді мерекелерімен құттықтай отырып, екі майдангерге пәтер кілтін табыстады.

Мегаполис басшысы аға буынның екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі ерлігі мен еңбегі өскелең ұрпақ үшін қайсарлықтың, жанқиярлықтың және отаншылдықтың озық үлгісі болып қалатынын айрықша атап өтті.

"Біз Жеңістің құндылылығын ешқашан ұмытпаймыз және бостандық үшін қаза тапқан батырлардың жарқын жадына тағзым етеміз. Сіздердің бойларыңыздағы ерлік пен ұлы рух, батылдық пен батырлық болашақ ұрпақ үшін табандылық пен патриотизмнің лайықты үлгісі болып табылады",- деді Ғабит Сыздықбеков.

Ғасыр жасаған қарт майдангерлер шексіз ризашылықтарын білдіріп, баталарын берді.

"Біз 9 мамырда бейбіт өмір мен тыныштықты қорғау жолында құрбан болып, майдан даласынан қайтпай қалған батырларымыздың рухына тағзым етеміз. Соғыс және тыл ардагерлеріне шексіз ризашылық білдіріп, айрықша құрмет көрсетеміз", - делінген Президент құттықтауында., сурет - Zakon.kz жаңалық 09.05.2024 13:12

Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Айта кетейік, бүгін Шымкентте Жеңіс мерекесі айрықша салтанатымен аталып өтті. Ғабит Сыздықбеков соғыс ардагерлерімен бірге "Даңқ мемориалына" гүл шоғын қойып, Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан жауынгерлердің рухына тағзым етті.

Шаһар тұрғындары да "Мәңгілік алау" монументіне гүл шоқтарын қойып, марқұмдарды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Осы ретте айта кетейік, қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің тікелей ұсынысымен Жеңістің 79 жылдығына орай ҰОС ардагерлеріне көрсетілетін көмек көлемі 1 329 120 теңгеден 2 000 000 теңгеге дейін арттырылды.

Сондай-ақ ҰОС ардагерлеріне теңестірілген азаматтарға 166 140 теңге төленді. Бұған дейін олар 132 мың теңге алған.

"Біз 9 мамырда бейбіт өмір мен тыныштықты қорғау жолында құрбан болып, майдан даласынан қайтпай қалған батырларымыздың рухына тағзым етеміз. Соғыс және тыл ардагерлеріне шексіз ризашылық білдіріп, айрықша құрмет көрсетеміз", - делінген Президент құттықтауында., сурет - Zakon.kz жаңалық 09.05.2024 13:12

Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Тыл еңбеккерлеріне де материалдық көмек көрсетілді. Өткен жылы оларға 41 400 теңге төленсе, биыл бұл сома 55 380 теңгеге ұлғайтылды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: