Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Денсаулық сақтау министрлігі майдың құрамында қауіпті заттың бар екенін ескертті

Биылдан бастап май өнімдеріне қатысты жаңа нормалар күшіне енді.

Сурет : ҚазАқпарат2 Ақпан 2018, 16:56

Биылдан бастап Қазақстанда дүкен сөрелеріне түскен май өнімдерінде құрамындағы трансмайлар туралы ақпарат болуы қажет, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі таратқан ақпаратқа сәйкес, биылдан бастап май өнімдеріне қатысты жаңа нормалар күшіне енді.

«Енді маргариндер, өсімдік-сары май және өсімдік-май спредтерінің, қорытылған өсімдік-сары май және өсімдік-май, арнайы мақсаттағы майлар, оның ішінде аспаздық, кондитерлік, нан пісіру, сүт майын алмастырғыштар және құрамында трансмайлар бар басқа да өнімдердің қаптамасында қаныққан май қышқылдары мен май қышқылдары трансизомерлері туралы қосымша ақпарат берілуі тиіс (өнімдегі май құрамының пайызымен)», - делінген ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулықты сақтау комитетінің ресми хабарламасында.

Техникалық регламент бойынша аталған заттың мөлшері майдың жалпы құрамынан 2 проценттен аспауы тиіс.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы трансмайларды тұтыну жүрек-қан тамыры ауруларына, абдоминалды семіздікке, диабетке, Альцгеймер ауруына, өкпе обырына, репродуктивтік функциялардың бұзылуына, өт-тас ауруларына алып келетінін ескертеді. Трансмайлар қайта өңделген тамақ өнімдерінде, маргариндер және бутерброд қоспаларында, қуырылған тағамда, фастфуд және пісірілген нанда, сондай-ақ пиццалар, чипсілер, печеньелер, фри картобы, тауық етінен нагетстер және басқа да өнімдерде болады.

Бүгінде көптеген елдерде трансмайларды пайдалануға тыйым салынған. Мәселен, Швейцария, Австрия, Исландия, Венгрия, Норвегия, Швеция, Данияда өнеркәсіптік трансмайлар құрамының жоғарғы шегін 100 грамм майға 2 грамм, яғни жиынтық майдың 2 проценті деңгейінде белгіленген. Биылдан бастап ондай көрсеткіш Қазақстанда, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде де белгіленді.

«2018 жылдың 1 қаңтарынан кейін дайындалған, таңбалауында май қышқылдары трансизомерлерінің құрамы туралы ақпараты жоқ немесе олардың үлесі белгіленген нормативтен (2 пайыздан) асатын өнімді сатып алған жағдайда тұтынушы Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің аумақтық органына жүгіне алады. Техникалық регламенттер талаптарын бұзғаны, соның ішінде сәйкес келмейтін өнімді шығарғаны үшін кәсіпкерлік субъектілеріне 40-тан 200-ге дейін айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салу көзделген», - делінген комитеттің ресми хабарламасында.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер