Қазақстанда зейнетке шығудың жаңа ережесі күшіне енді
mugalzhar.kz
1 қаңтардан бастап әйелдердің зейнеткерлік жасын кезеңмен 58 жастан 63 жасқа арттыру жөніндегі норма күшіне енді.
Қазақстанда биыл 50 мыңға жуық әйел адам зейнетке жаңа ереже бойынша шығады, деп хабарлайды Хабар 24.
Өйткені осы жылдың 1 қаңтарынан әйелдердің зейнеткерлік жасын кезең-кезеңімен 58 жастан 63 жасқа арттыру жөніндегі норма күшіне енді. Бұл туралы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында өткен баспасөз-мәслихатында айтылды.
Сонымен қатар 1 қаңтардан бастап зейнетақы төлемдері кесте бойынша беріледі. Бұған дейін зейнетақы жинағын салымшы өз қалауына қарай ай сайын, әр тоқсанда немесе жылына бір рет алатын. Енді зейнетақы төлемдері ай сайын беріледі.
- Егер салымшы өтініш берген күні оның жинақтарының сомасы ең төменгі зейнетақының 12 еселенген мөлшерінен аспаса, бұл сома алушыға бір рет толығымен төленеді. Бүгінгі таңда оның мөлшері 404 940 теңге. Ал ай сайынғы төлемдердің мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54 пайызынан кем болмайды, - дейді «БЖЗҚ» АҚ басқарушы директоры Жанара Төлегенова.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript