Қарағанды облысында соққыға жығылған әйел түсік тастады

ҚазАқпарат ҚазАқпарат
Ер адам айыбын мойындады.

Шахтинск қалалық соты жүкті әйелді ұрған жергілікті тұрғынды қамады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шахтинск қалалық соты баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұрынғы құрбысының пәтеріне барған ер адам жанжалдасып қалып, оған қол тигізген. Жәбірленген әйел полицияға өтініш берген.

«Жарақат салдарынан әйел түсік тастаған. Ымыраға келуден бас тартты. Ер адам айыбын мойындады. Сот оны ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-2-бабының 1-бөлігі бойынша айыпты деп танып, бір тәулікке қамау туралы шешім қабылдады. Сот-медициналық сараптамаға кеткен шығынды өтеу үшін 11 639 теңге өндірілді», - дейді соттың баспасөз қызметіндегілер.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз