Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жел соғып, тұман түседі

Еліміздің басқа өңірлерінде қар жаумайды.

Сурет : Baq.kz7 Ақпан 2018, 09:25

Атмосфералық фронталды ағымдардың өтуіне байланысты республиканың батысында, солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында қар жауып, боран соғып, жел күшейеді, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Еліміздің басқа өңірлерінде қар жаумайды. Кей жерлерге тұман түседі.

Алматы облысының бірқатар аймақтарында тұман түсіп, Жалаңашкөл аймағында жел секундына 18-23 метр жылдамдыққа дейін жетеді.

Жамбыл облысында тұман түсіп, көктайғақ болып, желдің жылдамдығы 15-20 метрге жетеді.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Атырау, Маңғыстау облыстарының бірқатар аймақтарында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Маңғыстау облысының кей жерлеріне тұман түседі.

Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының бірқатар аймақтарында тұман түсіп, боран соғады.

Шығыс Қазақстан облысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Ақмола, Қызылорда, Қостанай, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар және Қарағанды облыстарының кей жерлеріне тұман түседі.

Ақтөбе облысында тұман түсіп, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді деп болжанады.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер