Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар жауады

bnews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.02.2018 15:04 bnews.kz
Тек елдің оңтүстігі мен солтүстік-батысында ғана қар жаумайды.

Атмосфералық фронталды ағымдардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде қар жауып, бұрқасын болады, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Тек елдің оңтүстігі мен солтүстік-батысында ғана қар жаумайды. Кей жерге тұман түсіп, көктайғақ болып, бұрқасындатады, жел күшейеді.

Алматы облысының бірқатар аймағында тұман түсіп, Жалаңашкөлде желдің жылдамдығы секундына 18-23 метрге жетеді.

Жамбыл, Маңғыстау облыстарының кей жерінде тұман түсіп, көктайғақ болып, жел секундына 15-23 метрге дейін ұйытқиды.

Батыс Қазақстан облысының бірқатар аймағында боран, көктайғақ болып, түнде жел секундына 15-20 жылдамдықпен соғады.

Атырау облысының кей жерінде тұман, көктайғақ болып, түнде желдің жылдамдығы секундына 18 метрге жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Ақмола, Қызылорда, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Қарағанды облыстарында тұман түседі деген болжам бар.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: