Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

altaynews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.08.2018 15:56 altaynews.kz
Қазақстанның батысында, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында күн ашық болады.

Еліміздің солтүстігі, орталығы мен шығысына циклон және сонымен байланысты атмосфералық бұлттар әсер етіп, салдарынан жауын-шашын болады. Күн күркіреп, күшті жел соғады, солтүстікте бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Қазақстанның батысында, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында күн ашық болады.

Демалыс күндері Астанада дауыл тұрады.

Солтүстік Қазақстан облысының аумағында тұман түсіп, желдің қарқыны 15-20 м/с дейін күшейеді. Күндіз секундына 25 метрге жетуі мүмкін. Бұршақ күтіледі.

Қызылорда облысының кей жерінде жел күшейіп, 15-20 м/с құрайды. Күндіз секундына 23 метр жылдамдықпен шаңды дауыл тұрады.

Қарағанды облысының кей аймағында жел күшейіп, екпіні 15-20 м/с болады. Бұршақ жауып, тұман түсуі мүмкін.

Жамбыл облысында жылдамдығы 15-20 м/с болатын қатты жел соғып, шаңды дауыл тұрады.

Ақмола облысының кей жерінде жел күшейіп, екпіні 15-20 м/с болады. Бұршақ жаууы ықтимал.

Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында қатты жел тұрады. Желдің қарқыны секундына 15-20 метрге жетеді.

Алматы облысында күндіз шаңды дауыл күтіледі.

Қызылорда, Жамбыл, Түркістан, сондай-ақ Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау және Қарағанды облыстарында төтенше өрт қаупі сақталады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: