Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Тырысқақ ауруына шалдыққандар көбейді

Былтыр елімізде тырысқақ ауруына шалдыққан 5 адам тіркелген.

Сурет : med-kz.ucoz.com7 Ақпан 2018, 09:58

Алматыда шекара асып демаламын деп тырысқақ індетін жұқтырғандар көбейді. Солардың бірі Үндістаннан ауру жұқтырып келген ерлі-зайыптылар кеше қалалық ауруханаға жатқызылды. Өткен аптада сол мемлекетке барып, осы ауруға шалдыққан 3 адам тіркелген, деп хабарлайды kaztrk.kz.

Сондықтан, дәрігерлер шетелге туристік сапармен баратын азаматтар алдын ала тексеріліп, өздері мен жақындарын аурудан сақтануға шақырады.

Үндістанға жыл сайын екі-үш рет барып келетін Лариса Черныш Алматыда жүрсе де, бар ойы Үндістанда. Өйткені, ол 10 жылдан бері демалысты теңіз жағасында өткізуді дәстүрге айналдырған. Сондықтан, мамыр айында келетін кезекті еңбек демалысын асыға күтіп жүр. Тіпті, Үнді жерінде бір рет сырқаттанып та қалыпты. Сонда да ол сол мемлекетке баруға ынтық. «Себебі, жатын орын мен тағам және жол шығыны арзан», - дейді Лариса.

Лариса Черныш, қала тұрғыны: - Мен Үндістанда жүргенде тауық етін жеп жұқпалы ішек ауруымен ауырып қалдым. Бұл санитарлық нормаларды сақтамағаннан болды ғой деп ойлаймын. Елге келіп емделдім. Ал, басқа тырысқақ ауруымен ауырған отандастарым туралы айтатын болсам, гигиеналық талаптарды сақтамағаннан шығар деп санаймын.

Дәрігерлердің сөзінше, ерлі-зайыпты Үндістанда 10 күн саяхаттап келген. Арада көп өтпей, келіншектің денсаулығы сыр берген. Яғни, іші өтіп, жүрегі айниды. Сөйтіп, 5 күн өткенде дәрігердің көмегіне жүгінеді. Ал, мамандар оның тырысқақ ауруын жұқтырғандығын анықтады. Сөйтіп, екеуін де оқшаулады.

Саят Қауметбаев, Ауру жұқтырғандар мен аса қауіпті инфекцияларды эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің жетекшісі: - Науқаспен байланыста болған күйеуін де ауруханаға жатқыздық. Одан тырысқақ анықталған жоқ. Ал, әйелінің қауіпті инфекцияны жұқтырғанын сараптама растады. Мұндай дерт тазалықтың сақталмауынан пайда болады. Шикі теңіз өнімдерін жеуден де туындауы мүмкін.

Жылы жақта жан рахатын тауып демаламын деген әйелдің тырысқақты нақты неден жұқтырғаны белгісіз. Ал, Үндістанда демалып келген өзге отандастарымыз шикі ұлу жейтіндіктерін айтқан. Адам өміріне қауіпті ауру алматылық 3 жігіттен өткен аптада анықталып, қазір инфекциялық стационарда емделіп жатыр. Дәрігерлер олардың жағдайын бірқалыпты деп отыр.

Саят Қауметбаев, Ауру жұқтырғандар мен аса қауіпті инфекцияларды эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің жетекшісі: - Аурудың бастапқы белгілері кәдімгі ішек инфекциясына ұқсас. Бірақ, тырысқақтың бір ерекшелігі - сусыздану. Ол адам ағзасын құрғатып жібереді. Ағза әбден құрғаған соң, жағдайдың өліммен аяқталуы да мүмкін.

Былтыр елімізде тырысқақ ауруына шалдыққан 5 адам тіркелген. Оның үшеуі - бізге қыдырып келген үнді азаматы. Дәрігерлер дер кезінде қауіптің алдын алған соң дерт жергілікті тұрғындарға тарап үлгермеген. Енді бұл жағдайдан сабақ алған Лариса Үндістанға бару-бармау жағын ойланып қалды.

Лариса Черныш, қала тұрғыны: - Мен тағы да Үндістанға баруды жоспарлап қойғанмын. Билет қолымда. Енді, мына жағдайды естіп ойланып қалдым.

Айта кетерлігі, Үндістанда өткен жылы осы қауіпті инфекцияны мыңнан аса адам жұқтырған. Сондықтан, санаулы күннің ішінде тырысқақ дертіне шалдыққан 4 науқасты анықтап, әбігерге түскен алматылық дәрігерлер енді Гоа аралына барып келгендер болса, тез арада тексеруден өтулерін сұрап отыр.

Нұрлан Асқарұлы


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер