Жаңалықтар тізбегі
0

Тағы бір қазақстандық Үндістаннан тырысқақ ауруын жұқтырып келді

Stan.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.02.2018 17:21 Stan.kz
Осы жылдың өзінде Алматы қаласы бойынша бес адам тырысқақ ауруын жұқтырған.

Алматы тұрғыны Гоадан тырысқақ ауруын жұқтырып келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Алматылық тұрғын досымен бірге Гоада демалып келген. Жағдайы нашарлаған жігіт 5 ақпанда ауруханаға жүгінген. 23 қаңтарда науқастың жағдайы ауырлап, құсып, диареяға ұшыраған. Бірақ үйінде диареяға қарсы дәрілерді пайдаланып, өздігінен емделген. Бір уақытта науқас өзін жақсы сезініп, кейін қайтадан жағдайы нашарлай бастады», – деді карантиндік және аса қауіпті инфекциялардың эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бастығы Саят Қауметбаев.

Ауруды жұқтырған азамат 1983 жылғы. Ол Үндістанға досымен бірге демалуға барған. Онда жаңа піскен теңіз тағамдарын тұтынып, теңізге түскен. Науқастың досы да өзін нашар сезініп, ауруханаға жүгінген. Алайда, одан ауру белгілері анықталмады.

Осы жылдың өзінде Алматы қаласы бойынша бес адам тырысқақ ауруын жұқтырған.

«Ауруға шалдыққан жігіт 5 ақпанда ауруханаға жүгініп, емделіп жатыр. Қазір жағдайы қанағаттырарлық. Ал бұрын ауырған төрт адам тексеруден өтуге дайындалуда», – деді Саят Қауметбаев.

Ескерте кетейік, дәрігерлер Үндістанға демалуға баратын азаматтарды барынша сақ жүруге шақырды. Олар тұрғындармен жақын араласудан, шикі тағамдарды жеуден және ауыз суды пайдаланудан абайлаңыздар деді. Егер ауру белгілері байқалатын болса, бірден дәрігерге жүгінуге кеңес береді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: