Тағы бір қазақстандық ғарышқа ұшуы мүмкін
Baq.kz
Қазіргі кезде Ресей алты орындық ғарыш кемесін дайындап жатыр.
Бұл туралы ғарышкер-ұшқыш, "Қазақстан Ғарыш сапары" Ұлттық компаниясының вице-президенті Айдын Айымбетов Ақтөбедегі сапары кезінде мәлімдеді, - деп хабарлайды Baq.kz "Диапазон" сайтына сілтеме жасап.
Авиация генерал-майорының сөзіне қарағанда, Қазақстан "Байқоңыр" Ғарыш айлағындағы "Бәйтерек" ғарыш-кешенінде Ресеймен бірлесіп экологиялық таза жанармай - "керосин-кислородтың" көмегімен зымырантасығышын құрастырып жатыр.
"Қазіргі кезде Ресей алты орындық ғарыш кемесін дайындап жатыр. Қазақстан жерінен ғарышқа сапар жасайтын ғарышкерлер құрамында міндетті түрде қазақстандық ғарышкер болады. Мұндай жауапты істі атқаруға әр қашанда дайын тұратын мамандар табылады, ондай адам бізде көп" - дейді Айдын Айымбетов.
Естеріңізде болса, Айдын Айымбетов өзі "Союз-ТМА-18М" ғарыш кемесімен 2015 жылы 2 қыркүйекте ұшқан болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript