Қазақстандықтарды эвакуациялау үшін Киевтен Львовқа тағы бір автобус аттанады

Қазақстанның Украинадағы елшілігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.02.2022 17:48 Сурет: gov.kz
Қазақстанның Украинадағы елшілігі қазақстандықтар үшін тағы бір эвакуациялық автобусты жолға шығаруға дайындап жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz

Ол Киевтен Львовқа 28 ақпанда барады, делінген хабарламада.

2022 жылғы 28 ақпанда сағат 9:30-да Қазақстан Республикасының Украинадағы елшілігінен қазақстандық азаматтарды эвакуациялау үшін автобус шығады, ол Львов қаласына барады деп жоспарланған.

Автобустың сыйымдылығы – 50 орын.

Елшіліктің мекенжайы: Ю. Ильенко, 26, байланыс нөмірлері: +38 (044) 483-15-96, +38 (067) 347-04-08 – ұялы тел.

Қазақстан Республикасының Украинадағы елшілігінің әлеуметтік желілері мен мессенджерлеріндегі өзекті ақпаратты бақылап отыру сұралады:

Instagram: kazenbukr

Фейсбук: KazEmbassyUkr

Телеграм: t.me/KZembassyinUKR

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: