Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Қызылордада ер адам туған бауырын 7 жерінен пышақтап өлтірді

Ұрыстың арты төбелеске ұласады.

Сурет : Baq.kz7 Ақпан 2018, 11:13

27 жастағы қылмыскер 12 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Baq.kz Қызылорда облыстық қылмыстық істер бойынша сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ер адам туысымен бірге үйде отырып ішімдік ішеді. Бауыры сотталушыға оның жаман адам екенін, әкесін мүлдем құрметтемейтінін айтады. Осыдан кейін екеуі жанжалдасып, ұрыстың арты төбелеске ұласады.

Сотталушы бауырының бетінен ұрып, ары қарай соққыға жығады. Осы сәтте қылмыскер үстел үстінде тұрған пышақты алып, бауырын жеті жерден пышақтайды. Пышақ негізінен өкпесі мен мойын тұсына тиген.

«Қызылорда облыстық қылмыстық істер бойынша сотының үкімімен ер адам ҚР ҚК 99-баптың 1-бөлімі «Кісі өлтіру» бойынша кінәлі деп танылды. Ер адам 12 жылға бас бостандығынан айырылды», - делінген соттың хабарламасында.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер