Жаңалықтар тізбегі
0

Шашынан сүйреп, мұрнын сындырған: Алматы полициясы төбелесқұмар қыздарды іздеп жатыр

Полиция, Алматы, қыздар төбелесі, әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.10.2023 19:27 Сурет: Zakon.kz
Әлеуметтік желіде жарияланған видеода қыздар өзара ұрсысып, айғай-құйқайға басады. Біраздан соң оның арты төбелеске ұласады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қаласының тұрғыны көшедегі төбелес кезінде зардап шекті. Оған мұрынның жабық сынығы, қатты ісіну, сүйектің шығуы деген диагноз қойылған. Қыз полицияға арызданды. Төбелескен қыздарға полиция іздеу салды. 

"Оқиғаға қатысушылар тарапынан түскен дене жарақаттарының ауырлық дәрежесін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Соның нәтижесіне қатысты тиісті шешім қабылданатын болады", деп хабарлады Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі.


Бұған дейін әлеуметтік желіде Алматы көшелерінің бірінде болған жаппай төбелестің видеосы тарады. Видео авторы төбелескендердің біріне оқ тигенін айтады. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: