Жаңалықтар тізбегі
0

13 жасар қыз желідегі жаңа суицидтік ойынның кесірінен өзіне қол жұмсаған

Stan.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.02.2018 18:57 Stan.kz
Настя Изотованы жерлеу рәсімі кеше өтті.

Жасөспірімнің туыстары: Настя желідегі жаңа суицидтік ойынның кесірінен өзіне қол жұмсаған дейді. Әлде біреулер қызға мойныңа арқан салып асыл деген нұсқау берген. Ал, бұл жай ғана жасөспірім қыздың ойыны болған. Оны туыстары қыздың телефонындағы хат-хабарын оқыған кезде көз жеткізген. Бұл туралы Stan.kz 31 арнаға сілтеме жасап хабарлайды.

Настя Изотованы жерлеу рәсімі кеше өтті. Жасөспірімнің суретін желіге шығаруға қыздың туыстары рұқсат берген. Олар бұл сурет қыздарының өліміне кінәлі адамды табуға көмектеседі деп сенеді. Сондай-ақ, осы жағдайдың басқа отбасында қайталанбауына көмегін тигізеді дейді.

Жетінші сынып оқушысы Настя мәнерлеп сырғанау бойынша спорт шебері. Туыстарының айтуынша, жасөспірім өзіне сенімді, батыл және жігерлі болған. Мектеп мұғалімдері де, туыстары да қыздың суицидке бейімделе бастағанын байқамаған.

«Настяның ешкіммен қақтығысқа түскенін көрмедім. Мектеп мұғалімдерімен де, сыныптастарымен де қарым-қатынасы жақсы болған. Қыздың өзі қайырымды отбасынан шыққан. Тек соңғы уақытта қолынан телефонын тастамайтын болды»,- дейді мектеп директоры Нұркен Ашықбаев.

Сондай-ақ, жасөспірімнің соңғы кезде өзгере бастағанын туысы Светлана да есіне түсірді. Настя түрлі психологиялық ойындар ойнап жүргенін әпкесіне айтқан екен.

Қалалық білім беру бөлімі де өздерінің тексеру жұмыстарын жүргізді. Настя телефон арқылы тек өз құрдастарымен ғана сөйлескен. Оқытушылар ата-анасының баланы тәрбиелеуге ерекше назар аударғанын мойындайды. Мұғалімдер қыздың ата-анасы ғаламторға кіруді шектемеген шығар деген ойда. Психиатрлар бұл қайғылы жағдайдың интернеттен келген қатер екеніне келіседі.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: