Жаңалықтар тізбегі
0

Түркияда Қожа Ахмет Яссауи жайлы жаңа роман жарық көрді

Zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.11.2017 16:39 Zakon.kz
Анкарадағы Қазақстан елшілігінде жаңа туындының тұсаукесер рәсімі өтті.
Түркияда күллі түркі халықтарының ұлы ғұламасы, кемеңгер ойшыл Қожа Ахмет Яссауи жайлы жазушы Алпер Қаған Үчердің «Sarp Yokuş» атты романы жарық көрді, - деп хабарлайды Хабар 24.

Осыған орай Анкарадағы Қазақстан елшілігінде жаңа туындының тұсаукесер рәсімі өтіп, оқырман қауымға кеңінен таныстырылды. Басқосуда елші Абзал Сапарбекұлы еңбектің түбі бір туыс халықтар үшін аса маңызды екенін атап өтіп, жиылған қауымға Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында атқарылып жатқан іс-шараларды баяндап берді. Ал кітап авторы, жазушы Алпер Қаған Үчер Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қоғамдық сананы жаңғырту бойынша қолға алған бастамаларын жоғары бағалап, түркіден шыққан Қожа Ахмет Яссауи сынды ұлы тұлғалардың рухани мұраларын насихаттау қажеттегіне ерекше назар аударды.

- Біз осындай туындының бірінші кезекте жақын арада Елбасымыздың «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламасының мазмұнына қаншалықты үйлесімді екенін көрдік. Сондықтан ол келешек ұрпаққа да түсінікті болуы үшін осы рухани бағдарлама шеңберінде өткізуді ұйғардық, - дейді Қазақстанның Түркиядағы Төтенше және өкілетті елшісі Абзал Сапарбекұлы.

Фото: 24.kz
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: