Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Семейде адамның түрін танитын «ақылды» домофондар орнатылуда

24 сағат бойы бейнебақылау жүргізіледі.

Сурет : ҚазАқпарат8 Ақпан 2018, 15:07

Семей қаласының көпқабатты тұрғын үйлеріне еліміздегі алғашқы «ақылды» домофондар орнатыла бастады. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Енді қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өмір сапасын арттыру жаңа техниканың көмегімен жүзеге асатын болады. Тұрғын үйлерге орнатылып жатқан смарт-домофондардың қарапайым құрылғылардан бірқатар айырмашылығы бар.

«Мұнда арнайы серверлік жүйе орнатылған. 24 сағат бойы бейнебақылау жүргізіледі. Бақылау Ішкі істер басқармасының жедел басқару орталығына қосылғандықтан, «SOS» батырмасын басқан кезде хабар құқыққорғау органына 3 секундта жетеді. Негізгі жоба авторлары татарстандық «Спутник» компаниясының өкілдері. Ал біз Қазақстандағы өкіліміз», - деді домофондарды орнатып жатқан ЖШС директоры Тимур Ахунжанов.

Шұғыл көмек шақырудан бөлек, аппаратта тұрғындарды ақпараттандыру, олардың арасында сауалнама жүргізу тетіктері қарастырылған. Тек арнайы батырмаларды басса болғаны.

«Хабарландыру мен тұрғындар арасындағы сауалнаманы әкімдіктегі жауапты маман бізге жіберсе, оны бірден серверге енгіземіз. Осылайша тұрғындар мысалы, жарықтың уақытша өшетіні, судың тоқтайтыны немесе жиналыстар болатыны туралы хабар алады. Ал бағасына келсек, айына орташа есеппен 500 теңге болады», - дейді Тимур Ахунжанов.

Оның үстіне, «ақылды» домофонды «Город Эксперт» мобильдік қосымшасы арқылы қашықтықтан басқаруға болады.

Ал оның камерасы келген адамның бет-әлпетін жадында сақтап қояды. Егер үйге бұрын келген адам болса, оны бірден танып, пәтер иесіне хабар береді. Үйдің қожайыны танымайтын адам келсе де хабардар етіліп тұрады.

Қазақстан бойынша «ақылды» домофондар Семей қаласының үйлеріне ғана орнатылуда. Қазір олардың санын арттыру бойынша жергілікті билікпен келіссөздер жүргізілуде.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер