Қарағандыда сауда орталығының көлік тұрағында ер адамның мәйіті табылды
Фото: Today.kz
Оқиға 4 желтоқсан күні сағат 11 шамасында орын алған.
Қарағандыда ірі сауда орталығының тұрағында тұрған көлік ішінен ер адамның мәйіті табылды, - деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы rozysk__karaganda инстаграм парақшасында жазылды.
Болжам бойынша, ол көлік ішінде бірнеше күн тұрып қалған болуы мүмкін.
"Бәріміз ол жерге қоқыс шығарамыз, темекі шегуге де сол жаққа барады, әжетхана да сол жерде, яғни, күніне қаншама адам ары-бері өтіп жүрген, тек біреуі ғана мәйітке назар аударған", - деп жазылған хабарламада.
Оқиға 4 желтоқсан күні сағат 11 шамасында орын алған.
Желі қолданушылары тұрақта полицейді көргендерін, оған қоса, сауда орталығының күзетшісі мен аула сыпырушылар неге көлікке назар аудармағандарын түсіне алмайтындарын жазуда.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript