Қостанайда жылқы іздеп кеткен әйелдің мәйіті табылды
Zakon.kz
Бұл факт жазатайым оқиға ретінде тіркелді.
Қостанай облысының Қарабалық ауданында жылқы іздеуге шыққан әйелдің мәйіті табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оқиға Котлованное ауылында болған. Қарабалық аудандық ІІБ кезекші бөліміне ауыл тұрғыны 58 жастағы қызының жылқы іздеп кеткенін және әлі оралмағанын айтады.
«Аталған факті бойынша тәртіп сақшылары іздеу жұмыстарын ұйымдастырды. Полицейлер әйелдің денесін Котлованное ауылынан бір шақырым жердегі жол бойынан тапты. Оның белінде арқан байланғаны және көптеген дене жарақаттарын алғаны анықталды», - деп жазады ведомствоның баспасөз қызметі.
Анасының айтуынша, жәбірленуші әйел жазда бұғанасына зақым келтірген. Сол себепті арқанды ұстап, сүйрете алмайды. Жылқы әлденеден үркіп кеткен соң, иесін ала қашуы мүмкін.
Медициналық сараптамалар әйелдің жабық бас сүйек-ми жарақаты және миына қан құйылудан қайтыс болғанын көрсетті. Бұл факт жазатайым оқиға ретінде тіркелді.
Фото: inform.kz
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript