Шымкентте бір отбасыны қырып салған қанішердің кім екені анықталды

Sputniknews.kz Sputniknews.kz
Шымкенттегі үйлердің бірінде бірнеше күн бұрын әйел мен оның екі ұлының денесі табылды.

Шымкентте үш адамды өлтірді деген күдікпен 1991 жылы туған жігіт ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан TVK арнасына сілтеме жасап.

Телеарнаның мәліметінше, күдікті кеше Тараз теміржол вокзалында ұсталған.

Күдікті отбасындағы үлкен ұлдың досы болған, олар Dota киберспорт ойынына әуестеніпті. Күдіктінің айтуынша, досы таяуда дүкеннен қымбат компьютер процессорын сатып алған кезде онымен бірге болған. Қаскүнем үйге соны ұрлау үшін кірген болуы мүмкін.

БАҚ-тың мәліметінше, ұсталған жігіт алдымен үйді айнала шолып шыққан, іште ешкім жоқ екеніне көз жеткізген соң ол қақпадан қарғып түскен.

Алайда үйде досының анасы болған, ол әйелді кастетпен ұрып өлтіріпті. Осы кезде үйге кіріп келген үлкен ұлды, яғни өзінің досын үстелдегі пышақпен өлтірген. 13 жастағы кіші ұлды күдікті тұншықтырып тастаған.

Естеріңізге салайық, Шымкенттегі үйлердің бірінен үш мәйіт табылған болатын. Трагедия 8 ақпан күні қаланың Абай ауданында болған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз