Жаңалықтар тізбегі
0

Шымкентте бір отбасыны қырып салған қанішер баланы да аямаған

Sputniknews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.02.2018 22:46 Sputniknews.kz
Қазіргі таңда полиция қылмыстың жай-жапсарын анықтап жатыр.

Шымкенттегі үйлердің бірінен үш мәйіт табылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан TVK арнасына сілтеме жасап.

Телеарнаның мәліметінше, трагедия 8 ақпан күні қаланың Абай ауданында болған.

"Қылмыс қаланың ескі шағын аудандарының бірінде, жеке секторда болған. Тұрғын үйден полицейлер үш мәйітті – анасы мен екі баласын тауып алды. Әйел 1965 жылы туған, балалар 1996 және 2005 жылғы. Қандықол қылмыскер отбасының танысы болса керек. Ол алдымен балалардың анасын, содан кейін үлкен ұлды қатты затпен ұрып өлтірген. 12 жасар бала тығылып қалған, алайда қылмыскер оны тауып, буындырып тастаған", — деп хабарлады телеарна.

Оқиға орнына тергеушілер мен криминалистер кеше түннен бері жұмыс істеп жатыр, видеобақылау камерасының жазбасы қаралып, саусақ іздері алынды.

"Кісі өлімін учаскелік инспектордан естідік, бір нәрсе көрдіңіздер ме деп сұрады. Бірақ мен ештеңе көрген жоқпын. Мұнда әйел балаларымен тұратын, олар ақ жарқын адамдар еді. Кейде кездесіп қалып, сәлемдесетінбіз", — дейді өлтірілген отбасының көршісі.

"Ешқандай жанжал болған емес. Анасы еңбекқор болатын, таң атпай тұрып жұмысқа кететін. Кешке дейін жұмыс істейді. Балалары да тәртіпті болды, үлкен ұлыммен бірге ойнап өсті. Жаман еш нәрсе айта алмаймын, берекелі отбасы болды. Балаларын анасы жалғыз өзі аяққа тұрғызды",- деді тағы бір көршісі.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: