ОҚО полицейлері жаңа туған баланы өлтірген күдікті әйелді ұстады

Zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.11.2017 18:17 Zakon.kz
Қазіргі таңда полицейлер қылмыстың барлық мән-жайын анықтауда.
Еске сала кетейік, 2017 жылдың 20 қазан күні Шымкент қ. Абай ПБ-нің қоқыс жәшігінен жас нәрестенің мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түскен. Аталған жайт негізінде ҚР ҚК-нің 100 бабы «Жаңа туған баланы анасының өлтіруі» бойынша СДТБТ-не тіркелді. Бұл туралы zakon.kz, ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Күдікті әйелді іздестіруге ОҚО ІІД-нің барлық жеке құрамы жұмылдырылды.

ОҚО ІІД қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Астана қаласының 26-жастағы тұрғыны анықтап, күдікті келіншекті Астана қаласынан тапты. Ол өз кінәсын толық мойындап отыр.

Қазіргі таңда полицейлер қылмыстың барлық мән-жайын анықтауда. Сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізу үшін күдіктіні жақын күндері Шымкент қаласына жеткізетін болады.

Фото: www.cheltv.ru
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: