Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Алматы қаласына жаңа прокурор тағайындалды

Алматы қаласының прокуроры болып Жүйріктаев Берік Қуанышбекұлы тағайындалды.

Сурет : almaty.prokuror.kz12 Ақпан 2018, 12:25

Мемлекет басшысының келісімі бойынша 2018 жылдың 12 ақпанында Бас прокурор Қайрат Қожамжаровтың бұйрығымен Алматы қаласының прокуроры болып Берік Қуанышбекұлы Жүйріктаев тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Б.Қ. Жүйріктаев 1978 жылы дүниеге келген. Прокуратурада 1999 жылдан бастап қызмет етеді. Түрлі лауазымда, соның ішінде, Алматы және Алматы облысы прокуратурасында жетекші лауазымдарда қызмет еткен.

2010 жылдан бастап 2013 жылға дейін Алматы қаласы прокурорының орынбасары және Алматы облысы прокурорының бірінші орынбасары қызметін атқарған.

2013 жылдың қазан айынан бастап Алматы қаласы прокурорының бірінші орынбасары.

Құқық пен тәртіпті нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін Мемлекет басшысының Жарлығымен прокурорлық қадағалауды жетілдіруде «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталды.




Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер