Алматының экс-прокуроры Берік Жүйріктаев Павлодар облысына прокурор боп барды

Павлодар облысының прокуроры, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.10.2023 15:17 Сурет: Бас прокуратураның баспасөз қызметі
Алматының бұрынғы прокуроры Берік Жүйріктаев Павлодар облысының прокуроры болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бас прокуратураның баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстан Республикасы президентінің келісімі бойынша бас прокурордың 2023 жылғы 3 қазандағы бұйрығымен 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Берік Қуанышбекұлы Жүйріктаев ротация тәртібімен Павлодар облысының прокуроры болып тағайындалды.

Ол 2018 жылдан бастап Алматы қаласының прокуратурасын басқарған.

Берік Жүйріктаев 1978 жылы туған, білімі жоғары, "Тұран" университетінің түлегі.

Прокуратура органдарындағы қызметін 1999 жылы Алматы қаласы Медеу ауданы прокурорының көмекшісі болып бастаған.

Әр жылдары Алматы облысы Панфилов ауданының прокуроры, Алматы қаласы Әуезов ауданының прокуроры, Алматы қаласы прокурорының орынбасары, бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: