Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы облысының прокуроры тағайындалды

Бас прокуратура, Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметі, Алматы облысының прокуратурасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.08.2022 11:35 Сурет: Zakon.kz
Аға әділет кеңесшісі Елдос Сағиев Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметінің басшысы болып, Берік Адамов Алматы облысының прокуроры болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бас прокурордың 2022 жылғы 2 тамыздағы бұйрығымен аға әділет кеңесшісі Сағиев Елдос Әлиханұлы Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметінің басшысы болып тағайындалды, – делінген Бас прокуратураның баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Еңбек өтілі:

Елдос Сағиев еңбек жолын 2002 жылы Ақмола облысының прокуратура органдарында бастаған.

Қарағанды, Қостанай облыстарының қаржы полициясы органдарында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінде басшылық лауазымдарды атқарды.

Маңғыстау, Қостанай облыстары бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының департаменттерін басқарды.

Осы қызметке тағайындалғанға дейін Бас прокуратураның арнайы прокурорлар қызметі бастығының орынбасары болды.

Құқық қорғау органдарындағы еңбек өтілі – 18 жыл.

*

Мемлекет басшысының келісімі бойынша Бас прокурордың 1 тамыздағы бұйрығымен Адамов Берік Абызбайұлы Алматы облысының прокуроры болып тағайындалды.

Еңбек өтілі:

Берік Адамов прокуратура органдарындағы қызметін 2004 жылы Павлодар қаласы прокурорының көмекшісі ретінде бастады.

Әр жылдары Астана қаласының, Қарағанды облысының прокуратураларында және орталық аппаратта түрлі лауазымды қызметтерді атқарды.

Павлодар облысы Екібастұз қаласының прокуроры, Алматы қаласы прокурорының орынбасары, бірінші орынбасары болды.

Прокуратура органдарындағы еңбек өтілі 17 жылдан астам.

Сыныптық шені – аға әділет кеңесшісі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: