Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

24 жастағы әйел үш жасар баласын ожаумен ұрып өлтірді

Әйел ұлын ауруханаға алып келіп, баспалдақтан құлап қалды деп өтірік айтқан.

Сурет : Sputniknews.kz12 Ақпан 2018, 14:45

Қырғызстанның Ош қаласындағы ауруханада үш жасар бала комада жатып көз жұмды, деп хабарлады Sputnik Қырғызстан елдің денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, 5 ақпан күні 24 жастағы Ош тұрғыны ұлын ожаумен ұрып-соғып, оны ауруханаға өзі алып келген. Қатыгез ана дәрігерлерге

"балам баспалдақтан құлап қалды" деп айтқан. Әйел қамауға алынды.

Балаға миына зақым келген, екі жартышарына (мидың) қан құйылған, бұғанасы сынып, бүйрегі зақымданған деген диагноз қойылды.

"Ми жарақаты ауыр болғандықтан ем-дом жасалғанына қарамастан бала 11 ақпан күні сағат 18.35-те көз жұмды ", — деп хабарлады Қырғызстанның денсаулық сақтау министрлігі.

Анасы қамауға алынғаннан кейін бала Ош әлеуметтік қорғау басқармасының қамқорлығында болды.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер