Үш жастағы баласын есінен танғанша сабаған әйелге қылмыстық іс қозғалды
gdb.rferl.org
Баланы тексеру кезінде денесі көгергені, ішкі органдары зақымданғаны, миына қан құйылғаны анықталды.
Қырғызстанның Ош қаласында 24 жастағы А. Д. есімді әйелді ұлын ұрғаны үшін қамауға алды. Бұл туралы Ош қаласы ішкі істер департаментінің өкілі Замир Сыдыков хабарлады, деп жазады Centralasian.org.
Оның айтуынша, 4 ақпанда ол ауыр жарақаттанған баласын Ош облыстық ауруханасына алып келген. Ол үш жасқа толмаған бала баспалдақтан құлап кетті деген. Баланы тексеру кезінде денесі көгергені, ішкі органдары зақымданғаны, миына қан құйылғаны анықталды.
Тергеу барысында баланы анасы ұрғаны белгілі болды. Әйел қылмысын мойындаған. Ол баласы тіл алмағанын айтқан.
"Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша тергеу абақтысында отыр. Сот оны қамауда ұстау мәселесін қарайды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript