Жаңалықтар тізбегі
0

Балаға қол жұмсаған әкімге қатысты қылмыстық іс қозғалды

selcdn.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.02.2018 16:22 selcdn.ru
Қорғалжын селосының әкімі Жанат Омаровқа қатысты "кәмелеттік жасқа толмаған балаға зиян келтіру" бабымен ішкі істер қызметкерлері тексеру бастады.

Балаға қол жұмсаған әкімге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ал Ақмола облысының әкімдігі шенеуніктің мәселесін тәртіптік кеңесте қарап жатыр. Әкім жұмысын ары қарай жалғастыра ма, жоқ па - осы жиыннан соң белгілі болмақ. Қаршадай баланы білдей бір ауыл әкімінің сабағаны туралы ақпарат қазір қызу талқыға түсіп жатыр, деп жазады Астана телеарнасы.

Қорғалжын селосының әкімі Жанат Омаровқа қатысты "кәмелеттік жасқа толмаған балаға зиян келтіру" бабымен ішкі істер қызметкерлері тексеру бастады. Ал, балалар құқығы бойынша уәкіл Зағипа Балиева істің мән-жайын екі аспекті бойынша қарап зерттемек. Яғни балалардың өзара жанжалы бір бөлек оқиға. Ал, екіншіден, әкімнің балаға қол жұмсауын жеке қарамақ.

Зағипа Балиева, ҚР балалар құқығы бойынша уәкіл: Әкім міндетті түрде жауапқа тартылады. Сол істің қорытындысы шығарылған кезде қандай болады екен. Қылмыстық Кодекстің 107 бабы бар. Соған сәйкес қазір іс қозғалды.

Оқиға балалар арасындағы ерегістен басталған. Диас Мұқанның анасына мектеп директоры хабарласып, баласының шенеуніктің ұлымен шекісіп қалғанын айтады. Артынша, Айгүл Бекжанова перзентінің естен танып қалғанын, жедел жәрдемнің алып кеткенін айтады. Яғни әкім интернатқа барып, Диасты тепкінің астына алған көрінеді.

Айгүл Бекжанова, Диастың анасы: Оң қолмен сол жақ бетін ұрған. Сол кезде орындықпен қоса құлағанда тумбочкаға басы тиген. Ары қарай бала уже білмейді. Одан кейін құлап жатқан столды орындықты айналып өтіп баланың басынан үш рет тепкен. Төртіншіден денесіне қарай тиген.

Дәрігерлердің айтуынша, Диастың миы шайқалған. Сол жақ иығынан қатты соққы алғаны анықталып отыр. "Қазір баланың жағдайы орташа ауыр" деп мәлімдеген мамандар Диас әлі бір апта ауруханада емделуі тиіс деді. Үйге шыққан соң да невролог дәрігердің бақылауында болмақ.

Ұлықбек Асылбеков, Астана қаласы №2 емхананың балалар нейрохирургы: Баланы үлкен кісі соққан. Түскен кездегі шағымы бас ауырады, жүрегі айниды. Бала құсқан. Есінен танған соғылған кезде. Ультрадыбыстық тексерулер жасалды ішкі құрылысына. Рентген сәулесімен тексерулер жасалды. Одан кейін миына компьютерлік томография жасалды.

Диана Сапарқызы, тілші: Осы оқиғадан кейін депутат, әрі балалар құқығы жөнідегі уәкіл Зағипа Балиева бүкіл мектептерге балалардың құқығы жайлы кітап таратылатынын айтты. Яғни барлық 7400 білім ошағында арнайы құқықтық бағдарлама сабақ ретінде жүргізіледі. Сонымен бірге, бұл жағдайды соңына дейін бақылауда ұстайтынын баса айтты.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: