Оқушыларға президент шыршасының сыйлығы енді таратылды

Sputniknews.kz Sputniknews.kz
Билік өкілдері балаларға арналған сыйлықты уақытылы жеткізбеген кәсіпорынды сотқа берген.

Ақмола облысында президент шыршасына қатысқан балаларға сыйлық ретінде ноутбук берілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан өңірдің білім беру басқармасына сілтеме жасап.

"Өткен демалыста балалардың бәріне ноутбук үлестірдік. Әрқайсысы сыйлыққа ие болды. Мамандар компьютерге қажетті бағдарламалар орнатып, дұрыс пайдалану үшін ақыл-кеңес берді", — деп хабарлайды білім беру басқармасының баспасөз қызметі.

"Жауапсыз жеткізуші "Tenderlik kompaniya sattilik" ЖШС сотқа берілді. Балаларға сыйлық алуға жауапты тұлғаға қатысты тиісті шара қолданылған. Дарынды балалармен жұмыс істейтін облыстық әдістемелік орталықтың директоры қызметінен босатылды", — деп атап өтті облыстық білім беру басқармасы.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Жаңа жыл мерекесі қарсаңында 9-13 жас аралығындағы 200 балаға президент шыршасынан сыйлық ретінде ноутбук берілуі тиіс болатын.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз