Елбасыға "Түркі дүниесінің жандану сыйлығы" табыс етілді
alashainasy.kz
Сыйлықты Түркия Парламентінің төрағасы Мұстафа Шентоп Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 28 жылдығына арналған қабылдау кешінде Қазақстанның Түркиядағы Төтенше және өкілетті елшісі Абзал Сапарбекұлына табыстады.
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа "Түркі дүниесінің жандану сыйлығы" берілді, деп хабарлады ҚазАқпарат.
Сыйлықты 1919 жылғы 19 мамырда Түркияның Азаттық алуының 100 жылдығына орай Түркі дүниесі жазушылар және өнерпаздар қоры тағайындаған болатын. Бұл марапат алғаш рет беріліп отыр және оған ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев лайық деп танылды.
Сыйлықты Түркия Парламентінің төрағасы Мұстафа Шентоп Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 28 жылдығына арналған қабылдау кешінде Қазақстанның Түркиядағы Төтенше және өкілетті елшісі Абзал Сапарбекұлына табыстады.
"Дос және бауырлас Қазақстан халқын ел Тәуелсіздігіне 28 жыл толуымен құттықтаймын. Осындай қуанышты бөлісуді үлкен бақыт деп айтар едім. Түркия Қазақстанның Тәуелсіздігін таныған алғашқы мемлекет болғанын мақтан тұтамыз. Қазақстанның қуанышы – біздің қуанышымыз. Қазақстанның тағдыры – біздің тағдырымыз. Біз Қазақстанның дамуға бастаған жолдағы үлкен жетістіктерін әрқашан назарда ұстаймыз және әрдайым қуанамыз. Түркия мен Қазақстан қарым-қатынасы екі мемлекет байланысынан бөлек, бір атаның ұрпақтарының достығы да болып саналады. Яғни, бізді байланыстырып тұрған тек мемлекетаралық қатынас емес", - деді Мұстафа Шентоп.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript