Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Бұрынғы мәдениет және ақпарат министрі мәжіліс депутаты болды

Д. Мыңбайға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутатының куәлігі мен төсбелгісі табысталды.

Сурет : Вnews.kz13 Ақпан 2018, 16:21

Бүгін Астанада «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің Бюро қаулысымен тағайындалған Парламент Мәжілісінің депутатын тіркеу жөніндегі ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Мыңбай Дархан Қамзабекұлын тіркеу жөніндегі ҚР ОСК қаулысы қабылданды. Д. Мыңбайға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутатының куәлігі мен төсбелгісі табысталды", - деп жазылған хабарламада.

«Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі» туралы Конституциялық заңға сәйкес сайланған депутат тіркеуден өткен соң өз өкілеттігіне кіріседі.

Дархан Қамзабекұлы Мыңбай

1962 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданында дүниеге келген.

М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін журналист мамандығы бойынша, Шымкент университетін экономист мамандығы бойынша бітірген. Техника ғылымдарының кандидаты.

Қызметі:

1978-1979 жылдары - Шымкент облысы Сайрам ауданы «Қайнарбұлақ» ұжымшарының В.И. Ленин атындағы бөлімшесінде жұмысшы.

1985 жылдан - Одақтық және шетелдік баспаға арналған Бас ақпарат редакциясының (ҚазКСР Министрлер Кеңесі жанындағы Ақпараттық агенттік-ҚазТАГ) редакторы,

1986 жылдан - аға редакторы, 1989 жылдан - одақтық баспаға арналған ақпарат редакциясының аға бақылаушы әдеби редакторы.

1990 жылдан - ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің Актілерді жариялау бөлімінің аға кеңесшісі.

1992 жылдан - ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің редакциялық-баспа бөлімініңаға референті.

1994 жылдан - «Өркениет-Горизонт» республикалық газетінің бас редакторы.

1996 жылдан - «Қазақстан теледидары және радиосы» Республикалық корпорациясының вице-президенті.

1997 жылдан - Шығармашылық қызметті және облыстық телерадиокомпаниялармен жұмысты үйлестіру жөніндегі басқарманың бастығы.

1997 жылдан – ОҚО әкімінің орынбасары.

2002 жылдан - ОҚО жастар ісі және ішкі саясат департаментінің бастығы.

2004 жылдан - ОҚО Түлкібас ауданының әкімі.

2006 жылдан - ОҚО әкімнің орынбасары.

2008 жылдан - ҚР мәдениет және ақпарат вице-министрі.

2008-2012 жылдара аралығында ҚР Президенті Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі болған.

2012 жылдың қаңтар айында Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды. 24 қыркүйек күні Кәрім Мәсімовтың Үкіметі отставкаға кетті. Президент Жарлығымен Дархан Мыңбайұлы қайтадан мәдениет және ақпарат министрі болып бекітілді.

2013-2017 жылдары ҚР Ұлттық мұражайының директоры қызметін атқарды.

2017 жылдың наурызынан Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары болды.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер