Жаңалықтар тізбегі
0

Мұхтар Құл-Мұхаммед Сенат депутаты болып тіркелді

Baq.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.02.2018 18:10 Baq.kz
Сонымен қатар, отырыста ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Әшімбаев Мәулен Сағатханұлының өкілеттілігін тоқтату мәселесі қарастырылды.

2018 жылдың 5 ақпанында Президент жарлығымен 2018 жылдың 1 ақпанында тағайындалған Парламент сенатының депутатын тіркеу бойынша Берік Имашевтың төрағалығымен Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті, деп хабарлайды Baq.kz.

Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясының БАҚ-пен байланыс бөлімі мәлім етті.

Орталық сайлау комиссиясы отырысында Құл-Мұхаммед Мұхтар Абрарұлын ҚР Парламенті Сенатының депутаты ретінде тіркеу жөнінде қаулы қабылданды.

Сонымен қатар, отырыста ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Әшімбаев Мәулен Сағатханұлының өкілеттілігін тоқтату мәселесі қарастырылды. Депутаттың өтініш беруі негізге алынып, М. Әшімбаевтың ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттық өкілеттілігі мерзімнен тыс тоқтатылады.

ҚР Конституциясы 52 бабының 5 тармағына сәйкес, ҚР 1995 жылғы 25 қазандағы «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәптебесі» туралы Конституциялық заңға сәйкес және М. Ашимбаевтың өтініші негізінде, ҚР Оталық сайлау Комиссиясы ҚР Парламенті Мәжілісіне Әшімбаев Мәулен Сағатханұлының өкілеттілігін мерзімнен тыс тоқтату мәселесі бойынша ұсыным жөнелтеді.

Еске сала кетсек, 1 ақпанда Мұхтар Құл-Мұхаммед сенатор болып тағайындалған болатын.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: