Мұхтар Құл-Мұхаммед Сенат комитетіне мүше болды

Baq.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.02.2018 16:51 Baq.kz
Ол екінші шақырылымның депутаты болған. Сенаттың қызметіне өз үлесін қосатынына сенімдімін - Қ.Ж. Тоқаев.

Палата спикері Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Сенатының пленарлық отырысында Мұхтар Құл-Мұхаммедті Сенатқа мүше болып тағайындалуымен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

«Өздеріңіз білетіндей, Президент Жарлығымен Мұхтар Құл-Мұхаммед Сенат депутаты болып тағайындалды. Ол көрнекті саяси және қоғам қайраткері, жоғары мемлекеттік лауазымдарда қызмет атқарған. Ол екінші шақырылымның депутаты болған. Сенаттың қызметіне өз үлесін қосатынына сенімдімін», - деді Қ.Ж. Тоқаев.

Оның айтуынша, Мұхтар Құл-Мұхаммед халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік тұрақты комитетінде жұмыс істеуге ниет білдірді.

«Егер қарсылық болмаса, оны халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік тұрақты комитетінің мүшесі болып сайлануын дауысқа саламыз», - деп қорытындылады Палатаның спикері.

Депутаттар аталған комитетке жаңа сенаторды қосу үшін бірауыздан дауыс берді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: