Жаңалықтар тізбегі
0

Павлодар тас жолында тұрып қалған 55 өзбекстандық құтқарылды

Baq.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.02.2018 15:32 Baq.kz
Олардың бәрі Ресейге жолға шыққан.

Павлодар полициясы облыс орталығынан ондаған шақырым қашықтықта жолда тұрып қалған автобустағы жолаушыларға көмектесті, деп хабарлайды Вaq.kz облыстық ІІД-ге сілтеме жасап.

Автобус ішінде Өзбекстанның 55 азаматы болды. Олардың бәрі Ресейге жолға шыққан. Облыстық ішкі істер департаментінің хабарлауынша, жол-патрульді полиция қызметкерлері жолда тұрып қалған автобусты Достық ауылының маңынан тапқан.

Полиция қызметкерлері жолаушыларды ауылдағы мектепке жеткізіп, жылытып, ыстық тамақ берген. Кейін Өзбекстан азаматтары басқа автобуспен Ресейге қарай қайта жолға шықты. Оларды Ресей шекарасына дейін жеткізіп салған. Әрі қарай мигранттар ресейлік автобусқа отырған.

Еске сала кетейік, биыл жыл басынан бері Павлодар облысында осымен үшінші рет Ресейге бара жатқан автобус бұзылып, жолаушылар жедел құтқарылды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: