«Қызылорда – Павлодар» тас жолында істен шыққан автобустан жолаушылар құтқарылды

www.pavlodarnews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.01.2018 18:35 www.pavlodarnews.kz
Төтеншеліктер жолға шыққан тұрғындарға аяз кезінде сақ болуға кеңес береді.

«Қызылорда – Павлодар» бағытындағы республикалық маңызы бар жолда жолаушылар көлігінде болған 10 адам құтқарылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық ТДЖ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Mercedes-Benz Sprinter маркалы автобус Екібастұз қаласының жанында істен шыққан.

- Бүгін таңғы сағат бестің кезінде оларға жедел құтқару жасағынан екі адам және бір техника көмек көрсетті. Жолаушылар Екібастұз қаласының сапаржайына жеткізілді, - деді департаментте.

Синоптиктердің болжамынша, алдағы үш күн жауын-шашынсыз, сынап бағаны климаттық нормадан 2-4 градусқа төмен болады.

Төтеншеліктер жолға шыққан тұрғындарға аяз кезінде сақ болуға кеңес береді.

Ақбота Сейсенбаева

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: