Павлодар облысында өрт шыққан екі қабатты үйден адамдар құтқарылды
Zakon.kz
Бұл туралы агенттікке облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі хабарлады.
Ленин кентінде қос қабатты тұрғын үйдің екі бөлмесінен шыққан өрттен 12 адам құтқарылған. Оның екеуі – балалар, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Бұл туралы агенттікке облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі хабарлады.
Кезекшілік бөліміне тілсіз жаудың шыққаны туралы хабарлама сағат түнгі 22.51-де түскен.
Үйдің ішіндегі жиһаздар жанып, қызыл жалын алты шаршы метр аумақты шарпыған. Сағат 23.51-де өрт толығымен сөндірілген.
- Құтқарушылар келгенге дейін пәтерден мас күйінде 42 және 46 жастағы екі ер адам сыртқа шығарылып, медициналық көмек көрсетілген. Қазіргі таңда келтірілген шығын көлемі мен өрттің шығу себебі анықталуда, - деді департаментте.
Оқиға орнында газ-түтіннен қорғау қызметінен екі звено мен бір техника, № 33 және № 1 өрт сөндіру бөлімдерінің мамандары жұмыс істеді.
Ақбота Сейсенбаева
Фото: pavlodarnews.kz
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript