Павлодарда тұрғын үйді «жармақ» болған әйел адам ұсталды

www.pavlodarnews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.04.2018 16:43 www.pavlodarnews.kz
Бұл туралы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Павлодарда Айманов көшесіндегі үйде жарылғыш зат орналастырғаны туралы жалған хабарлама таратқан әйел адам ұсталды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

- «102» оператор пультіне келіп түскен телефон хабарламасы бойынша іс-шара жүргізілді. Нәтижесінде орташа ауыр дәрежедегі алкоголдік мас болған әйел адам ұсталды. Азаматша уақытша бейімдеу және уытсыздандыру орталығына орналастырылды, - деді департаментте.

Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 273-бабы «терроризм акті туралы жалған хабарлау» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Бұл бапқа сәйкес алты жылға дейін бас бостандығынан айыру түрінде қылмыстық жауапкершілікке тарту қарастырылған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: