Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Алматыда автобустан құлап қалған жолаушы жүргізушіге кешірім берді

Сот талқылауы кезінде зардап шеккен әйел қылмыстық істі тоқтатуды сұрады.

Сурет : ҚазАқпарат14 Ақпан 2018, 17:50

Алматыда автобустан құлап қалған жолаушы әйел мен жүргізуші арасындағы дау медиация тәртібімен шешілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған іс Түрксіб аудандық сотының қарауында болатын. Жүргізушіге қатысты ҚР ҚК 345-бабының 1-бөлімімен айып тағылған еді.

Сот талқылауы кезінде зардап шеккен әйел қылмыстық істі тоқтатуды сұрады.

Оның айтуынша, автобус жүргізушісі келтірілген шығынды толық өтеген. Сол себепті тараптар медиация тәртібімен келісімге келді.

Түрксіб аудандық сотының судьясы ҚР ҚК 68-бабының 1-бөлімін негізге ала отырып, жүргізушіні қылмыстық жауапкершіліктен босатты.

Айта кету керек, жол апаты былтыр 8 тамызда болған еді. Автобус жүргізушісі «ВАЗ» аялдамасынан аса бергенде есікті жабуды ұмытып кеткен. Соның кесірінен жүріп бара жатқан автобустан әйел құлап түскен. Жол апатынан жолаушы орта дәрежелі жарақат алды.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер