Алматыда қарулы қарақшылар банк бөлімшесін тонап кетті

видеодан алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.10.2020 19:41 видеодан алынды
Тонау кезінде ешкім зардап шеккен жоқ.

Бейсенбі, 15 қазанда Алматыда екі қарулы адам Kaspi банктің филиалына қарақшылық шабуыл жасады, деп хабарлайды zakon.kz.

- Жұмыс күні аяқталып, клиенттер жоқ кезде банк бөліміне қарулы бейтаныс адамдар баса-көктеп кіріп келген. Алдын-ала мәліметтер бойынша, олар кассирді қорқытып, 2 миллион теңгені алып кеткен. Бақытымызға орай, қызметкерлердің ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Полиция дабыл тетігі іске қосылғаннан кейін көп ұзамай келді, - дейді банктегілер.

Kaspi.kz қауіпсіздік қызметі құқық қорғау органдарымен бірлесіп, белсенділік танытуда. Қылмыскерлер табылып, заң бойынша жазасын алады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: