Жаңалықтар тізбегі
0

Астанада 28 аялдамада электронды кітаптардың тақтасы орнатылды

astana.gov.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.02.2018 21:30 astana.gov.kz
Тақтада ұсынылған кітаптардың ішінен ұнағанын оқу үшін азаматтардың интернет желісіне қосылған ұялы телефоны болса, жеткілікті.

2017 жылы Астанадағы 28 аялдама мен бірқатар қоғамдық орында QR-кодтары бар үш тілде ұсынылған кітаптар тақтасы пайда болды, деп хабарлайды Zakon.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында қолға алынған «Astana – Bilimland» жобасына WikiBilim қоғамдық қоры мен елорда әкімдігі мұрындық болды. Ұлттық аударма бюросы қоғамдық қорының атқарушы директоры Рауан Кенжеханұлының айтуына қарағанда, аталмыш жобаны жүзеге асырудың тәжірибесі еліміздің басқа өңірлерінде де қолданыла бастаған.

«Astana – Bilimland» жобасы аясында қазақы руханиятты қолдау, оны заманға сай үлгіде тарату, қалада қызық атмосфера туғызу үйлесім тауып, халықтың жақсы бағасына ие болды. Олай деп айтуымның себебі, Астана қаласының осы тәжірибесін басқа да көптеген аймақтар алып жатыр. Қызылорда, Ақтөбе, Алматы облыстарындағы қоғамдық орындарда осындай тақталар орнатылғандығын естіп, қуанып жатырмыз. Халыққа қызмет көрсету орталықтарында, оқу орындарының кітапханаларында, емханалар мен ауруханаларда, адамдар көп жиналатын жерлерде бұл жоба туралы біледі», – деді Рауан Кенжеханұлы.

Тақтада ұсынылған кітаптардың ішінен ұнағанын оқу үшін азаматтардың интернет желісіне қосылған ұялы телефоны болса, жеткілікті. Оқырмандар кітапты таңдап, оны QR-коды арқылы сканерлеп, кітаптың сілтемесін ала алады.

Бұл кітаптардың барлығын Қазақстанның ұлттық электронды кітапханасы платформасынан табуға болады. Бес жыл ішінде 10000 кітап, 1500 аудиокітап, 120 мыңнан астам сөзі мен сөз тіркесі бар әмбебап сөздік, көрнекті қоғам қайраткерлерінің дауыстары жазылған пластинкалар сандық форматқа көшіріліп, олардың электронды нұсқалары шығарылды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: