"Отбасы банк" зейнетақы жинағын шешуге өтініш қабылдайтын онлайн платформаны іске қоспақ

inform.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.12.2020 16:40 inform.kz
Өтініш беру үшін электронды кілтіңіз болса, жеткілікті.

2021 жылдың қаңтарында "Отбасы банкі" қазақстандықтардың зейнетақы жинағының бір бөлігін шешіп алуға өтініш бере алатын онлайн-платформаны іске қосады, деп хабарлайды zakon.kz.

Өтініш беру электронды кілтіңіз болса, жеткілікті.

Порталдың жұмысы өте қарапайым. Ол арада сіз өзіңіздің зейнетақы жинағыңызды қандай мақсатқа жұмсағыңыз келетінін таңдай аласыз. Бірінші мақсат - өзіңізге жеке баспана сатып алған кез келген азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша толық есеп айырысу. Бұл сатып алу-сату шарты, үлестік қатысу, жекешелендіру, тұрғын үй-құрылыс кооперативіне үлестік қатысу, бөліп төлеу, тұрғын үйді айырбастау туралы келісім болуы мүмкін, - дейді "Отбасы банкі" АҚ басқармасының төрағасы Ләззат Ибрагимова.

Екінші мақсат - адам жаңа үй сатып алып жатса, онда ақшасын ипотека бойынша алғашқы жарнаны төлеуге жұмсау.

Үшінші мақсат, банк басшысының пікірінше, кең қолданысқа ие - ипотекалық несие бойынша қарызды ішінара немесе толық өтеу.

Төртінші мақсат - тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі бойынша тұрғын үйге ипотекалық несие алу.

Бесінші мақсат - қайта қаржыландыру.

Алтыншыдан - тұрғын үй құрылысы бағдарламалары мен дағдарысқа қарсы бағдарламалар шеңберінде сатып алу құқығымен тұрғын үйді ұзақ мерзімді жалдау шарттары бойынша қарызды толық өтеу де қарастырылған, - деп түсіндірді Ибрагимова.

Жетінші мақсат, оның айтуынша, ең көп сұранысқа ие. Оған сәйкес, адам зейнетақы жинақтарының бір бөлігін мұқтаж туыстарына беруі.

Сегізінші мақсат - емделу.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: