Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Теміртауда тұрғын үйде "бомба" барын хабарлаған адам ұсталды

Терроризм туралы әдейі жалған ақпарат берген ер адам бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Сурет : Sputniknews.kz19 Ақпан 2018, 14:03

Теміртауда терроризм туралы жалған хабар берген 58 жастағы тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Қарағанды облысы ішкі істер департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция мәліметінше, ақпанның 18-інен 19-ына қараған түні "112" қызметіне белгісіз біреу хабарласып, жетінші шағын аудандағы №31 үйде жарылғыш құрылғы қойылғанын айтқан. Оқиға орнына жедел қызметтер аттанып, 17 тұрғын қауіпсіз жерге шығарылды. ІІД қызметкерлері үйді тінтіп шыққанымен, бомба табылмаған.

"Іздеу шаралары барысында 58 жастағы мас қала тұрығын ұсталды. Күдіктінің қолында жедел қызметке қоңырау шалған ұялы телефоны болған", — деп хабарлады полиция.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып кетті.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер