Жаңалықтар тізбегі
0

Оңтүстіктегі арнайы операция: 16 адам қамауға алынды

ҚазАқпарат, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.02.2018 23:56 ҚазАқпарат
Қазір қолға түскен сезіктілер уақытша қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Еліміздің оңтүстігінде жүргізілген ауқымды операция кезінде ұсталған 35 адамның 16-сы қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ұсталған 13 күдіктіге «Пара алу» бабы бойынша айып тағылуда. Үшеуі «Пара алуға көмектесу» бойынша ұсталды. Оларға екі айға уақытша тергеу абақтысына қамауға алу туралы санкция берілді. Сот шешімі әлі күніше енген жоқ», - деді Әл-Фараби аудандық сотының үйлестіруші судьясы Ғани Байарыстан.

Қазір қолға түскен сезіктілер уақытша қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Еске салайық, 15 және 16 ақпанда еліміздің оңтүстігіндегі 3 облыс пен Алматы қаласында арнайы ауқымды операция жүргізіліп, нәтижесінде 35 адам ұсталған болатын. Олардың арасында кеден органының, шекара қызметінің лауазымды тұлғалары, брокерлер, делдалдар, сондай-ақ ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері бар.

Ал, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ұсталған 13 адам қазақ-өзбек мемлекеттік шекарасындағы «Сарыағаш», «Қазығұрт», «Атамекен», «Қапланбек» шекара бекеттерінің қызметкерлері болған. Жүргізілген ауқымды іс-шаралар барысында барлығы 8 ұйымдасқан қылмыстық топтың заңсыз іс-әрекеттеріне тосқауыл қойылған еді. Аталған деректер бойынша экономикалық контрабанда, ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым мен трансұлттық ұйымдасқан топ құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу және парақорлық фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: