Ақтөбе облысында 6 жасар баланың басына мұз құлап, қайтыс болды

ҚазАқпарат ҚазАқпарат
Бала оқиға орын алған жерде көз жұмды.

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданындағы Ақши ауылында 6 жасар бала басына мұз құлап қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мұз құлаған уақытта бала су мұнарасының жанында болған. Салдарынан оқиға орнында көз жұмды.

«27 қаңтарда 6 жасқа толған. Өкінішке орай, оқиға болған жерде көз жұмды. Сараптама жүргізу үшін ауруханаға жеткізілді. Ашық бас сүйек-ми зақымын алған баланың өлімі жазатайым оқиға болып тіркелді», - деді Ырғыз аудандық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Гүлайым Малдығұлова.

Ақши ауылы аудан орталығынан 18 шақырым қашықтықта орналасқан.



zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз