Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Астанада күдікті сөмке кесірінен Министрліктер үйі қоршауға алынды

Полиция қызметкерлері өтпелі жолға жақын жаяу жүргіншілер жолының маңында иесіз сөмкені тапқан.

Сурет : ҚазАқпарат22 Ақпан 2018, 11:18

Полиция қызметкерлері күдікті қытай сөмкесінің табылуына байланысты Министрліктер үйін қоршауға алды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Полиция қызметкерлері қызмет бабында жүріп, өтпелі жолға жақын жаяу жүргіншілер жолының маңында иесіз сөмкені тапқан. Алдын ала сақтану шараларын таныта отырып, олар сағат 09:40 шамасында жедел әрекет ету басқармасының орталығына хабар берген. Сөмкені тексеру үшін оқиға орнына бірден мамандар жолданып, тексеру кезінде аталмыш сөмкенің ішінен күдікті ештеңе табылмады», - деп хабарлайды Астана қаласының ІІД баспасөз қызметінен.

Еске сала кетсек, бұған дейін де 19 ақпан күні полиция қызметкерлері Қонаев пен Мәңгілік ел көшелерінің қиылысын қоршауға алған болатын. Ол жердегі көлік тұрағынан әйелдің сөмкесі табылған еді. Кейін оның тек қоқыс толы сөмке екені анықталған.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер